СБЕР платформасына көшу. Мусин қазіргі жағдай туралы айтты

6 Сәуір 2022, 13:48
1951
Бөлісу:
СБЕР платформасына көшу. Мусин қазіргі жағдай туралы  айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  Мәжілістің кулуарында айтты.

Әлемдегі геосаяси жағдай кішкене өзгерді. Осының салдарынан біз әлі шешім қабылдаған жоқпыз. «Одан бас тартамыз ба, басқа технологияға көшеміз бе?» деген сұрақтардың жауабы белгісіз. Бірақ СБЕР платформасына көшеміз. Олармен бе, әлде өзіміз жасап шығамыз ба?.. Өзіміздің де жасауымыз ықтимал. Біз 1 жыл ішінде сараптама жұмыстарын жүргіздік. Оны жасауымыз мүмкін, бірақ белгілі бір уақыт пен қаражат керек. Әлі де талқылау жүріп жатыр. Ол аяқталған соң, яғни бір айдың ішінде толық ақпарат беріледі, - деді Мусин.

Министр тез арада СБЕР-ге өту тиімді екенін атап өтті.  

Ал бізді асықтырмаса, 3-5 жылдың ішінде қазақстандық платформаны жасап шығу қолымыздан келеді. Дүниежүзілік технологиялар бар. Оны басынан бастап өзіміз жасап шықпаймыз. СБЕР сияқты жинап, ақырындап дамытып шығаруға мүмкіндігіміз бар. Бірақ қазір басқа да технологияларды зерттеп жатырмыз. 3-5 жылдың ішінде олар тиімдірек болса, оны да талқылап қарастырамыз, - деді  Бағдат Мусин. 

 

Өзгелердің жаңалығы