Сайыров шығыстағы жолдардың мәселесін көтерді

6 Шілде 2022, 11:13
1541
Бөлісу:
Сайыров шығыстағы жолдардың мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылдық округінде Майқапшағай-Қалбатау жолының, Тұғыл-Ақмектеп бөлігінің мәселесі бойынша «Казавтожол» компаниясы, Цинь-Цинь компаниясы, Тарбағатай жұртшылығы өкілдерімен жиналыс өткіздік.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров facebook парақшасында  жазды. 

Кездесу барысында жолдың сапасы мен біту мерзімдері қарастырылды.Жолды салу ұзарып кеткен.Өте баяу жүріп жатыр, техниканың мобилизациясы баяу. Цинь- Цинь компаниясы өкілдеріне қараша айына дейін Тұғыл-Ақмектеп бөлігін толық аяқтау міндеті қойылды.Жергілікті азамат Егінбаев Өмір Ақсақал “жол салуға жергілікті азаматтарды тарту өте маңызды”деп атап өтті, - деді депутат. 

Оның айтуынша, Серік Ерғалиев «бұл жолдың азаматтардың өмір сүруі үшін маңызын айта келіп, жол салудың сапасына баса назар аудару қажет» деп  айтқан. 

Жергілікті Мәслихат хатшысы Асқар Боғырбаев жол салу процессінің мониторинг мәселесіне көңіл аударды.Жол салу процессіне қоғамдық мониторинг жасалатын болды.Сонымен бірге, биыл Қабанбай-Шорға жергілікті жолын жөндеу жұмыстары басталады.Бұл облыс басшылығының тұрғындарға көмегі.Келесі жылы ремонт жұмыстары аяқталады, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы