Сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды

8 Қыркүйек 2022, 21:16
4092
Бөлісу:
Сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды

Алматыда сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды, деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 22 жастағы Б.есімді азамат сайттар арқылы қыздармен танысып, оларды кездесуге шақырған, бірақ барлық оқиғаның соңы алаяқтықпен аяқталған.

 Ол серіктерімен құпия әңгіме бастайды. Бір кезде жаңа танысы түрлі сылтаулармен олардан қоңырау шалу үшін ұялы телефондарын сұрап, қашып кетеді. Алданған қыздар ер адам ұялы телефонды қайтарып беретін шығар деп абдырап тұрғанда ол ұялы телефонды ломбардқа өткізген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктіні анықтады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі кезеңінде осыған ұқсас 2 эпизод анықталды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Өзгелердің жаңалығы