Сайрамда өзеннен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам АПБ-ға тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады otyrar.kz. </p>

 21 Қараша 2021 2021, 17:11
21 Қараша 2021 2021, 17:11
1457

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам АПБ-ға тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады otyrar.kz.

Полиция дереу оқиға орнына жетті. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Наверх