Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген - Қоғамдық саясат институты

21 Қараша 2022, 00:25
2912
Бөлісу:
Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген - Қоғамдық саясат институты

Еxit poll нәтижесі бойынша сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еxit-poll нәтижесі келесідей:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52 пайыз;

Жигули Дайрабаевқа – 2,67 пайыз;

Қарақат Әбденге – 2,61пайыз;

Мейрам Қажыкенге – 2,43 пайыз;

Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93 пайыз;

Салтанат Тұрсынбековаға - 1,44 пайыз дауыс берілді.

Ал бәріне қарсымын бағанына дауыс бергендер –  3,4 пайыз.

Өзгелердің жаңалығы