22:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 63,3 пайызы дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 22:15
1054
Бөлісу:
22:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 63,3 пайызы дауыс берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының орынбасары Константин Петровтың   айтуынша, 10 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты сағат 22:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды,- деді Константин Петров

Олардың ішінде өңірлер бойынша:

Ақмола облысы бойынша – 72,8 %

Ақтөбе облысы бойынша – 58,8 %

Алматы облысы бойынша – 73,5 %

Атырау облысы бойынша – 56,4 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 62,4 %

Жамбыл облысы бойынша – 72,2 %

Қарағанды облысы бойынша – 70,7 %

Қостанай облысы бойынша – 71,8 %

Қызылорда облысы бойынша – 73,9 %

Маңғыстау облысы бойынша – 55 %

Павлодар облысы бойынша – 71,3 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 %

Түркістан облысы бойынша – 65,8 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 %

Алматы қаласы бойынша – 30,3 %

Шымкент қаласы бойынша – 56,5 %.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.

Өзгелердің жаңалығы