Астана қаласының бірқатар лауазымды мемлекеттік тұлғалары дауыс беретін Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан 111-сайлау учаскесі дауыс беруге ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрметті бақылаушылар, сенімді өкілдер, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Президенттің кезектен тыс сайлауына байланысты Астана қаласының 111-сайлау учаскесін дауыс беруге ашық деп жариялаймын, – деді сайлау учаскесінің төрайымы Жанна Тәуекелова.
Сондай-ақ сайлау учаскесінің төрайымы алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға сыйлық табыстады.
Сайлау – Қазақстан тұрақтылығының, позитивті дамудың негізі. Мен сайлауға әрдайым ерте келемін. Оның үстіне 92 жастағы қарт анам бар. Оны да оянған соң дауыс беруге алып келемін, – деді Астана қаласының тұрғыны Нұрхан Назирова.