Сайлауда бірнеше партия бір адамды ұсына алады - ОСК

26 Қыркүйек 2022, 12:53
1555
Бөлісу:
Сайлауда бірнеше партия бір адамды ұсына алады - ОСК

Президенттікке бір кандитатты екі немесе одан да көп партия ұсына ала ма? Бұл заңда қарастырылған ба? Орталық сайлау комиссиясының мүшесі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер бірнеше партия бір адамды ұсынғысы келсе, олар ұсына алады. Бірақ тіркеуге келгенде бірақ ғана партияның атынан тіркелу керек. Себебі, құжат тапсырғанда нақты қай қоғамдық ұйым кандитатты ұсынады және съездің шешімі қаралады. Сондықтан тіркеуге келгенде бір партияның атынан түседі, ал ұсыныс жасағанда бірнеше партия қосылып бір адамды ұсынуға болады, - деді Шавхат Өтемісов.

Еске сала кетейік, бұған дейін жергілікті атқарушы органдар  сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайтынын жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы