Сайлауалды халықаралық бақылау басталды

27 Ақпан 2023, 16:34
844
Бөлісу:
Сайлауалды халықаралық бақылау басталды
Фото: автордан

Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың ТМД бақылаушылары миссиясының басшысы, ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТМД бақылаушылары миссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық пен оны өткізу мониторингіне кірісті. Бұл біздің Қазақстандағы парламенттік және президенттік сайлаулардағы 17-ші, ал ТМД бойынша 120-шы миссия екенін атап өткім келеді, – деді Леонид Анфимов.

Ол миссия құрамындағы 10 адам қазірден бастап жұмысқа кірісетінін жеткізді.

Олар өз кандидаттарын Парламент Мәжілісіне ұсынған саяси партиялардың штабтарымен, аумақтық сайлау комиссияларымен кездеседі. Мүмкін миссия мүшелерінің кейбірі Орталық сайлау комиссиясына келгісі келеді. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына кандидаттармен де кездесуі мүмкін. Олардың жұмысы осындай, – деді Анфимов.

Кездесуде ОСК төрағасы ТМД бақылаушылары миссиясына Қазақстандағы сайлау мен референдумды халықаралық бақылауға үнемі қатысатыны үшін алғыс білдіріп, миссияның осы саладағы мол тәжірибесін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы