Сайлау учаскелерінен бейнетрансляция жүргізу заңнамада көзделмеген – ОСК

10 Желтоқсан 2020, 12:57
1265
Бөлісу:
Сайлау учаскелерінен бейнетрансляция жүргізу заңнамада көзделмеген – ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайлау учаскелерінен бейнетрансляцияны жүзеге асыру заңнамада көзделмеген. Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов айтты. 

Заңнамада сайлау учаскелерінен бейнетрансляция жүргізу құқығы көзделмеген, - деді ол. 

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 61) тармақшасына сәйкес жазба (фото, аудио және бейне) трансляцияға (тікелей эфирге шығуға) ұқсас санат болып табылмайды. Осыдан осы процестерді реттеу бөлек жүргізілуі керек.

Бұл жағдайда бақылаушылар сайлау процесінің заңды қатысушылары болып табылады, сәйкесінше олардың қызметі сайлау туралы заңмен және басқа заңнамамен нақты реттеледі. Қызметті реттеу тек міндеттерге ғана емес, сонымен қатар өз функцияларын жүзеге асыратын бақылаушының сайлау учаскесінен бейнехабар тарату құқығының болмауын қамтитын құқықтарға да қатысты.

Өзгелердің жаңалығы