Сайлау қарсаңында заң бұзғандар жазаланды

19 Наурыз 2023, 10:20
912
Бөлісу:
Сайлау қарсаңында заң бұзғандар жазаланды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

17 наурыздағы есеп бойынша Мәжіліс және мәслихат депуттарын кезектен тыс сайлау кезінде прокуратураға Мәжіліс депутаттығы бойынша 24, ал мәслихат депутаттығы бойынша 13 заң бұзушылық тіркелді,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы онлайн марафон кезінде өткен брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин мәлімдеді. 

Анықталған фактілер  бойынша барлығы әкімшілік жазаға тартылған. 

17-18 наурыздағы прокурорлардың анықтаған шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 3-еуі Парламент мәжілісі депуттарының сайлауы бойынша тіркелген. Солардың бірі Орал қаласында ҚР сайлау туралы конституциялық заңның талаптарын  бұза отырып, сауалнама жүргізгені үшін сол қаулымен басылымның меншік иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының  3-бөлігінен айыппұл салынды.18 наурызда Түркістан қаласында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың  біріне анонимдік үгіт-насихат материалдарын  таратқаны үшін орталық сайлау комиссиясының келісімімен әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодекстің 113-бабы бойынша сот 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, - дейді Азамат Сарғазин.

Алайда депутаттыққа үміткердің тіркеуі күшін жоймайды. 

Оның айтуынша, 18 наурыз күні Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде сайлаушыларды қалалық мәслихат депутаттығына үміткерге дауыс беруге шақырғаны үшін әкмішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 бабы бойынша жазаға тартылған.

Өзгелердің жаңалығы