Сайлау күні Алматы облысында 100-ге жуық сәби дүниеге келді

11 Қаңтар 2021, 02:01
1687
Бөлісу:
Сайлау күні Алматы облысында 100-ге жуық сәби дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлау күні Алматы облысында 94 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 13 бала Талдықорған қаласындағы перзентханада туған.

Облыс орталығында 10 қаңтар күні туған балалардың алтауы ұл. 

Жалпы Талдықорғандағы перзентханада жыл басынан бері 6050 сәби өмірге келген. Ал облыс орталығында өмір есігін ашқан балалардың үлесі бұған дейін 7000 сәбиге дейін болған.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтар күні Атырау облысында 23 сәби дүниеге келсе, Түркістан облысы 102 нәрестенің шырылын естіп, рекорд жасады.

Өзгелердің жаңалығы