Сайлау кезінде 45 000 полиция жұмыс істейді

19 Наурыз 2023, 09:46
952
Бөлісу:
Сайлау кезінде 45 000 полиция жұмыс істейді
Фото: smi24.kz

Сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іс-шараларда Ішкі істер органдарының 45 000 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы онлайн марафон кезінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Сайлау өткізетін орындарда құқық бұзушылықтарды жылдам білу үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылған. Бюллетеньдерді алып келгенге дейін барлық сайлау учаскелері толықтай тексерілді. Сайлау орындарында бюллетеньдерді жеткізген кезде полиция ілесіп алып жүруді қамтамасыз етті. Сайлау туралы заңның 39-бабына сәйкес полиция қызметкерлерінің сайлау жүргізу процесіне араласуға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда болуға құқығы жоқ. Одан бөлек сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу үшін олар комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана барады. Жалпы қазіргі уақытта елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Жоғары тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Өзгелердің жаңалығы