Сайлау бюллетеньдерінің бірнеше түсі болады

14 Наурыз 2023, 12:38
1183
Бөлісу:
Сайлау бюллетеньдерінің бірнеше түсі болады
Фото: автордан

Бұл туралы БАҚ-қа арналған брифингте «Адал сайлау үшін» штабы мүшесі Думан Жампейісов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Орталық сайлау комиссиясы – сайлау бюллетенінің нысаны мен мәтінін бекітетін ұйым. Олар сайлаушылардың тізіміне сәйкес 12 миллион 152 мың 876 сайлаушыны 19 наурызда 18 жасқа толған, әрекет қабілеттілігі шектелмеген және түзеу мекемелерінде орналаспаған деп белгіледі, - деді штаб мүшесі.

Бюллетеньдер сайлаушылардың жалпы санының бір пайыздық резервін қоса алғанда дайындалып, сайлау учаскелеріне үш күннен бұрын емес және бір күннен кеш емес мерзімде жеткізіледі. 

Сайлаудың ерекшелігі бірнеше түсті бюллетеньдер қабылданған. Мысалы, Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша көгілдір түс белгіленген. Ол жерде А5 форматы белгіленген. Яғни 7 партиядан 16 кандидатқа дейін тізім болса, А5 форматы болады. Егер 16-дан асып кетсе, мысалы, Астана, Алматы қалаларында 30-40 кандидаттан бар дедік, онда бюллетень А4 форматында болады, - деді ол.    

Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің бланкісі жасыл түсті болады. Ал партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері қызғылт түсті болады. 

Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарын сайлау бойынша бюллетеньдер сарғыш, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың мәслихаттарын сайлау бойынша бюллетеньдер сұр түсті болады.

Өзгелердің жаңалығы