Сайлау әділ өткенін қайдан білуге болады? – маман жауап берді

20 Қараша 2022, 18:35
1427
Бөлісу:
Сайлау әділ өткенін қайдан білуге болады? – маман жауап берді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Бұқанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маман сайлау жариялағаннан бастап өткізілетін әлеуметтік зерттеулердің Сайлау жүйесіндегі ең маңызды рөлі сайлау компаниясы қалай өткенін, қаншалықты ашық болғанын, азаматтардың құқықтары бұзылып-бұзылмағанын көрсету үшін екенін айтты. Халықаралық тәжірибеде бар аталған әлеуметтік зерттеулер экзит-полл деп аталады.   

Экзит-полл әр учаскені өздері таңдайды. Осы сайлауда бізде 6 ұйым әлеуметтік зерттеулерді өткізуге рұқсат алды. Ол ұйым Алматыда, Астанада немесе басқа қалаларда болуы мүмкін. Сол учаскелерге келіп, өздерінің әлеуметтанушыларын қояды. Олар есіктің алдында тұрады. Азаматтарымыз дауыс бергеннен кейін олардан сұрағымызға жауап бере аласыз ба деп рұқсат сұрау керек. Азамат келіссе, оған «Сіз кімге дауыс бердіңіз?» деген сияқты сұрақ қоя алады, - деп түсіндірді маман.  

Оның айтуынша, сайлаушының сұрақтарға жауаптары бойынша экзит-полл нәтижелері шығарылады. Сонда экзит-поллдар мен Орталық сайлау комиссиясының нәтижелерінің арасы тым алшақ болмауы керек. Өйткені нәтижелер көрсеткішінде үлкен айырмашылық болса, бұл сайлау әділ болмағаны айқындалатынын айтты Жанар Бұқанова. 

Биыл сайлау заңына өзгерістер енгізілді. Соның ішінде қазіргі уақытта сайлау науқанына тек қана Орталық сайлау комиссиясына тіркелген ұйымдар ғана зерттеулер жүргізеді. Оның алдындағы басқа сайлауларда кез келген әлеуметтік орталықтар өз зерттеулерін өткізуге мүмкіндігі бар болатын. Қазіргі заңмен тағы бір шектеу енгізілген. Мысалы, сайлауға 5 күн қалғанда, яғни 20 қараша сайлау бекітілсе, онда 15 қарашада толығымен мәліметтерді жариялауға рұқсат берілмейді. Экзит-полл мәліметтері сайлаудан кейін жарияланады, - деді Бұқанова.

Өзгелердің жаңалығы