Сайлау-2023: Сайлауға түсетіндер қанша теңге жарна төлеуге міндетті?

27 Қаңтар 2023, 15:13
2378
Бөлісу:
Сайлау-2023: Сайлауға түсетіндер қанша теңге жарна төлеуге міндетті?

Бұл туралы ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының төртінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елдегі сайлау процестерін қаржыландыру – демократияның, мемлекеттік басқарудың және прогрестің көрсеткіші. Азаматтық қоғамның белсенділігі, партиялардың бәсекеге қабілеттілігі, сайлау процесіне қатысушылардың жауапкершілігі қаржыландырумен тікелей байланысты. Ал сайлау жарнасы – қол жинаудың баламасы. Бірақ одан өзгеше функционалды мақсаты бар. Ол – кандидаттың, саяси партияның сайлау құқығының кепілі. Сайлау жарнасы тіркеу үшін негіз ретінде қызмет етеді, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Айтуынша, ең көп жарна Мәжіліс сайлауына тізім ұсынған саяси партиялар мен кандидаттарға қатысты болып отыр.

Парламент Мәжілісінің сайлауына тізім ұсынған саяси партиялар тіркеуден өткенге дейін және Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» заңына сәйкестікке тексерілген соң ОСК есебіне 15 АЕК көрсеткіш көлемінде сайлау жарнасын төлейді. Бұл партия тізіміне кірген әрі тұлға үшін 1 050 000 теңгені құрайды, - дейді Сәбила Мұстафина. 

Белгілі болғандай, заңнамаға сәйкес сайлау жарнасын Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында сайлаушылардың 5 пайыз және одан көп дауысын алған саяси партиялар төлемейді. Бұған дейінгі Мәжіліс депутаттарының сайлауына 3-5 пайыз, сондай-ақ 3 пайызға дейінгі дауысқа ие болған саяси партиялар тізімге кірген әр кандидат үшін 50% және 70%, яғни 525 мың теңге мен 735 мың теңге көлемінде жарна төлеуге міндетті.  

Бірмандатты округтер бойынша кандидаттар 15 ең төменгі жалақы көлемінде, яғни 1 050 000 теңге сайлау жарнасын төлейді.  

Облыс, республикалық маңызға ие қала мен астананың мәслихат депутаттары сайлауына саяси партиялар өз қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органға тізімге енген әр тұлға үшін 5 АЕК немесе 350 мың теңге көлемінде сайлау жарнасын төлеуге міндеттеледі, - деді Сәбила Мұстафина. 

Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5%-дан кем дауысына ғана ие болса, сондай-ақ бірмандаттық округ бойынша немесе партия тізіміне енген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда жарна кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Барлық қалған жағдайларда сайлау жарнасы қайтарылмайды және республикалық бюджет табысына жіберіледі. 

Өзгелердің жаңалығы