Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссиялары ұсынған ақпаратына сәйкес, Астана уақытымен сағат 7:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 8 272 учаске дауыс беруге кірісті, - деп атап өтті ОСК мүшесі.
Сонымен қатар ол шетелдердегі сайлау учаскелеріне тоқталды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 шетел мемлекетіндегі 13 учаскесінде дауыс беру басталды. 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6-да басталды. 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының 1887 учаскесінде дауыс беру Астана уақытымен сағат 8.00-де басталады, - деді Константин Петров.