Сайлау-2023: Еxit-poll-дың үшінші нәтижесі белгілі болды

20 Наурыз 2023, 00:39
1955
Бөлісу:
Сайлау-2023: Еxit-poll-дың үшінші нәтижесі белгілі болды
Фото: gov.kz

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының үшінші exit-poll нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

19 наурызда «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы сайлау учаскелеріне шығып, сауалнама жүргізді. Институт ехit poll-ды алғаш рет өткізіп отырған жоқ. Сауалнама жүргізген кезде сынақтан өткен әдістемені қолданады, - деп атап өтті «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар бойынша директоры Татьяна Башарина. 

 «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар бойынша директоры Орталық коммуникациялар қызметінің алаңына берген сұхбатында Мәжіліс және мәслихат депутаттарының үшінші exit-poll нәтижесін жариялады.  

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы өткізген Exit poll нәтижесі:

«Amanat» партиясы - 53,33%
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 11,26% 
«Respublica» партиясы - 8,33% 
Қазақстан Халық партиясы - 6,93% 
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 2,51% 
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 8,87%
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,12% 
Барлығына қарсымын - 3,65%.

Өзгелердің жаңалығы