Сайлау-2023. 12 млн-ға жуық азаматтың сайлаушылар тізіміне енуге құқығы бар

23 Қаңтар 2023, 16:01
1632
Бөлісу:
Сайлау-2023. 12 млн-ға жуық азаматтың сайлаушылар тізіміне енуге құқығы бар
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сайлаушылардың өзекті және толық тізімдерін қалыптастыру – сайлау процесінің маңызды ұйымдастырушылық элементтерінің бірі. Өйткені сайлаушылар тізімдері негізінде азаматтар Конституциялық құқықтарын іске асырады. Осыған байланысты Парламент Мәжілісі мен барлық мәслихат депутаттарының бір мезгілде өткізілетін сайлауын ескере отырып, сайлаушылардың тізімін жасау мәселесіне тоқталғым келеді, - деп атап өтті комиссия төрағасының орынбасары. 

Сайлау-2023. 12 млн-ға жуық азаматтың сайлаушылар тізіміне енуге құқығы бар

Айтуынша, сайлаушылар тізімімен жұмыс істеуді арнайы заң реттейді. Сайлаушылар тізімімен жұмыс істеудің нормативтік мәселелері ҚР-дағы «Сайлау туралы» Конституциялық заңмен реттеледі. 

Еске сала кетейік, 19 наурызда елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы белсенді сайлаушылар тізіміне құқығы бар 11 976 406 азаматты енгіздік. Олар алдын ала учаскелер бойынша бөлінген. Сонымен қатар айта кетерлігі, бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүргізеді, - деді Константин Петров. 

Сайлау-2023. 12 млн-ға жуық азаматтың сайлаушылар тізіміне енуге құқығы бар

Еске сала кетейік, 19 наурызда елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы