Сайлау - 2022: Жаһандық сын-қатерлерге жауап

17 Қараша 2022, 16:27
1174
Бөлісу:
Сайлау - 2022: Жаһандық сын-қатерлерге жауап
PHOTO

Президенттік сайлау қарсаңында Орал сарапшылары мен саясаттанушылары «Sarap» эксперттік клубының алаңында кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын барысында сарапшылар азаматтардың 20 қарашадағы таңдауы елдегі қоғамдық-саяси жағдайға қалай әсер ететінін және кезектен тыс сайлау циклі туралы шешім қабылдауға негіз болған факторларды талқылады.

Модератор, ҚҚДИ Басқарма Төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов өз сөзінде президенттік сайлауда сайлаушылар белсенділігінің маңыздылығына тоқталып, Жаңа Қазақстанның құрылуында шешуші рөлді азаматтар атқаратынын айтты.

Алдағы кезектен тыс президенттік сайлау еліміздегі ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңіне айналуы тиіс. Президент сайлауын өткізудің маңыздылығы соңғы үш жылдағы саяси қайта құрулардың қисынына толық сәйкес келуінде. Қоғамның біртұтастығы, мемлекеттің тұрақтылығы, елдің кез келген ішкі және сыртқы сын-қатерлерге лайықты жауап беру мүмкіндігі тек бірқалыпты және тұрақты саяси жүйе жағдайында ғана қамтамасыз етіледі. Сондықтан қазіргідей геосаяси тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында алдағы кезектен тыс президенттік сайлау елімізді ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңі алдында топтастырудың маңызды факторы, - деді Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы Ерлан Галиев. 

Сайлау - 2022: Жаһандық сын-қатерлерге жауап

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов өз сөзінде халық арасында сайлау мемлекеттік саясатқа қызығушылық таныту кезеңі екенін айтып, еліміз үшін маңызды кезеңде сайлаушыларды дұрыс таңдау жасауға шақырды.

ҚҚДИ сарапшысы Серікқазы Какыбаланов 20 қарашада азаматтар қабылдайтын шешім Қазақстанның ішкі тұрақтылығы тұрғысынан ғана маңызды емес екендігін айтты. Жаһандық геосаяси сын-тегеуріндерді ескерсек біздің еліміздегі тыныш жағдай бүкіл әлем үшін маңызды.

Қазақстанның қазіргі ішкі және сыртқы жағдайы Мемлекет басшысының мемлекеттілікті одан әрі нығайтатын, еліміздің әлемдік аренадағы мәртебесін көтеретін тұлға болуын талап етеді. Бұл біз үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де өте маңызды деп ойлаймын. Біз жастарға үлгі болып, сайлауда белсенділік танытуымыз қажет, - деді спикер. 

Сайлау - 2022: Жаһандық сын-қатерлерге жауап

Сарапшының мұндай пікірімен саясаттанушы Бауыржан Серікбаев та келісті.

Бүгінгідей геосаяси ахуал күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағына, жасампаз қоғам құруға, қоғамдық консолидацияға бағытталған нақты істер маңызды. Еліміздегі реформалар мен атқарылып жатқан іс-шаралар да осы мақсатқа негізделген, - деді Бауыржан Серікбаев.

Саясаттанушы, М.Өтемісов атындағы БҚУ аға оқытушысы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі  Тұрар Шайхиев өз сөзінде сайлау қазіргі заманғы жағдайларда азаматтардың еркі мен халық билігін іске асырудың тікелей нысаны екендігін айтты.

Сайлау – азаматтық қоғамның аса маңызды институты. Демократиялық елде билікке ие болудың жалғыз жолы сайлау, яғни кез-келген саясаткер билікке халықтың еркімен ғана келе алады. Бұл демократиялық қоғамның басты ұстанымы. Қазақстан халқы биліктің түпкілікті иесі екендігін және биліктің халық еркіне тәуелді екендігін сезіне отырып, жоғары өркениетті саяси-мәдени құндылықтарға ие азамат ретінде алдағы президенттік сайлауда белсенділік танытады деген сенімдемін, - деді спикер.

Орал қалалық мәслихатының депутаты Аида Маратова да осындай пікір білдірді.

Кейбіреулер халықтың дауысы ештеңені шешпейді деп, сайлауға барудың мағынасы жоқ екенін айтады. «Диван сыншысы» болу оңай. Біз осындай әңгімелерді доғаруымыз керек. Қоғамды қайта форматтау керек. Еліміздің әрбір азаматы тұрақты, табысты мемлекет құруға үлес қосуы керек, - деді Аида Маратова.

Өзгелердің жаңалығы