Сайлау - 2019: Қостанай облысында 592 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы

9 Маусым 2019, 09:25
1823
Бөлісу:
Сайлау - 2019: Қостанай облысында 592 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы

 

 

 

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай өңірінде 21 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Олардың біреуі облыстық, төртеуі қалалық және 16-сы аудандық деңгейде. Бұл жөнінде Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова мәлімдеді. 

«Қостанай облысында 782 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Оның 87-сі облыс орталығына тиесілі. Олар жергілікті жұртшылықты сайлауға дейін екі рет құлақтандырды. Әуелі мамыр айының ортасында, одан кейін, тағы бір еске салу үшін санаулы күн қалғанда шақыру қағаздары таратылды», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова. 

Сайлау - 2019: Қостанай облысында 592 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы


 

Сонымен қатар, облыс әкімдігі интернет-ресурсының «Сайлау-2019» тарауында тұрғындарға арналған жадынама орналастырылған. Ондағы «Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімінен қай жерде дауыс бере алатыныңды анықтап беретін тетіктер көрсетілген. Мәселен, Телеграм, Фейсбук әлеуметтік желілері немесе Call-орталықтар арқылы учаскеңізді тауып алуға болады. 

Комиссия төрайымының айтуынша, сайлау комиссияларында 5-9 адамнан жұмыс істеуде. Барлық комиссия мүшелеріне заң талаптары түсіндірілген. 

«Бүгінге шейін ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Бұған дейінгі саяси науқандарды қалай тиянақты өткізсек, осы жолы да ешқандай қателікке жол бермейміз деген үмітіміз бар», - дейді Антонина Маркова. 

Жалпы, Тобыл-Торғай өңірінде 592 мыңнан астам тұрғынның дауыс беру құқығы бар. Ал, Қостанай қаласында 170 мың сайлаушы тұрады.       

 

 

Өзгелердің жаңалығы