Саяси реформаның жаңа кезеңі: заң үстемдігі

6 Қараша 2022, 02:38
1434
Бөлісу:
Саяси реформаның жаңа кезеңі: заң үстемдігі

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Әмина Үрпекова Конституциялық Соттың құрылуы және оның қазақстандық саяси жүйеге интеграциялануы биліктің үш тармағының өзара қарым-қатынасында тежемелік пен тепе-теңдіктің теңгерімді жүйесін құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Адамның, кез келген елдің азаматының негізгі қажеттіліктерінің бірі – заң үстемдігі қағидатын сақтау арқылы қамтамасыз етілетін әділеттілікті, оның ажырамас құқықтарын қорғау және кепілдендіруді талап ету. Бүгін Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы» Конституциялық заңдарға қол қоюы мемлекеттік органдардың үстемдігін одан әрі нығайтуға бағытталған. Бұл мемлекетті кезең-кезеңімен саяси жаңғырту шеңберінде Президент белгілеген Қазақстанның демократиялық дамуының жалпы траекториясына сәйкес келеді, - деп жазды Әмина Үрпекова.

Қабылданған заңдар азаматтарды заңсыздықтың кез келген көріністерінен, олардың құқықтарын бұзу мен қол сұғушылықтан қорғау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді деді.

Оның ойынша, халық өзінің конституциялық құқықтарына тікелей әсер ететін қандай да бір белгілі нормативтік құқықтық актіні қарау туралы өтінішпен Конституциялық Сотқа тікелей жүгінуге және осылайша қорғалу құқығына ие болады.

Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бас прокурор сияқты институттар да қорғайтын болады. Олар негізгі адам құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің Ата заңға сәйкестілігін сақтауға қатысты Конституциялық Сотқа жүгіну арқылы өздерінің құқық қорғау және қадағалау функцияларын айтарлықтай кеңейткен. Сонымен қатар адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету бағытында екі институттың өзара әрекеттесу мүмкіндіктері кеңейіп келеді.

Конституциялық Соттың және оның судьяларының бейтараптығын қамтамасыз ету үшін заңда судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезінде мінсіз бедел, 15 жыл заңгерлік кәсіптік тәжірибе міндетті шарттары, сондай-ақ адалдық танытпау немесе кез келген саяси институтқа тәуелділіктің пайда болуына жол бермеу үшін 8 жыл өкілеттік мерзім көзделген, - деді.

Өзгелердің жаңалығы