«Дала қырандары – 2022»: боз кілемде балуандар белдесті

6 Қараша 2022, 01:41
10156
Бөлісу:
«Дала қырандары – 2022»: боз кілемде балуандар белдесті

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері, Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында «Qazaq kuresi» Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жарысқа еңсегей бойлы, қаптағай денелі, рухы өр, тәні бекем 64 балуан қатысты. Олар 50, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 килограм салмақта белдесті. 

«Дала қырандары – 2022»: боз кілемде балуандар белдесті

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы әрі «Qazaq kuresi» Ассоциациясының Президенті Самат Ерғалиев, «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, жазғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, екі дүркін «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров, сала ардагерлері Серік Төкеев, Марат Жақыт, Диханбай Биткөзов қатысты.

«Дала қырандары – 2022»: боз кілемде балуандар белдесті

Имидждік турнирдің жүлде қоры – 80 мың АҚШ доллары.

Жыл бойы өткен 5 рейтингтік турнирде төгілген тер ақталып, 8 салмақтың «Бас балуандары» анықталды! 

«Дала қырандары – 2022»: боз кілемде балуандар белдесті

Олар:

50 кг. – Бекжан Төлепов (Қызылорда обл.)

60 кг.  – Марат Нигматуллаев (Алматы қ.) 

66 кг.  – Нұр Аманшүкіров (Жамбыл обл.)

74 кг.  – Жұмажан Қожамбеков (Шымкент қ.)

82 кг.  – Айдын Дартаев (Ұлытау обл.)

90 кг. – Тоқтарбек Айдарбек (Түркістан обл.)

100 кг.  – Мұхит Тұрсынов (СҚО)

+100 кг.  – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау обл.)

Алапат қара күшін дәлелдеген батыр «Дала қыраны» титулына ие болып, өз салмағының «Бас балуаны» атанды. Бұл 8 балуан алдағы желтоқсан айында Астана қаласында қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатына іріктелді. Енді олар бәсі биік додада ел намысын қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы