Саяси құрбандарды шежіре арқылы түгендейік – саясаттанушы

17 Қараша 2023, 13:58
413
Бөлісу:
Саяси құрбандарды шежіре арқылы түгендейік – саясаттанушы
Фото: BAQ.KZ - архив

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының нақты саны белгісіз. Тізім толықтай жасақталмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Жаңарған Қазақстан» бағдарламасының арнайы репортажында айтылды.

Ел болып шежіремізді түгелдеп, есеп жасап, ұлттық жоба ретінде қолға алумыз қажет. Мәселе біреуді кінәлауда емес. Біз құрбандарымызды анықтайық, түгендейік, солардың есімдерін жазып, көрсетіп, еске салып, өз парызымызды орындауымыз қажет. Бұдан бөлек, шетелдегі қазақтар да шет қалмай, зұлмат жылдар жайлы тарихи шындықтың ашылуына және кең тарауына ықпал етуі тиіс. Шетелдік сарапшылар 30-шы жылдардағы ашаршылықты әлі де жан-жақты зерттеп, тарихи баға беру керектігін атап өткен еді, – дейді саясаттанушы Берік Әбдіғали.

Өзгелердің жаңалығы