Саяси қуғын-сүргін: павлодарлық ғалымдар бірегей мәліметтерді жария етті

31 Мамыр 2024, 16:32
433
Бөлісу:
Саяси қуғын-сүргін: павлодарлық ғалымдар бірегей мәліметтерді жария етті

Павлодар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1989 жылдан бастап Қазақстанда тоталитарлық кеңес жылдарында қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың есімдерін қайтару бойынша жұмыс атқарылды. Облыс мұрағаттарында репрессия құрбандары туралы құжаттар мен мәліметтерді жинау бойынша ауқымды зерттеулер қолға алынды.

Облыстық мұрағат басшысының орынбасары Надежда Кубик мұрағаттық құжаттарды зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Бұған дейін құпия күйінде сақталған төрт мыңнан астам мұрағаттық іс ашылды. Бірегей мәліметтердің қатарында ХХ ғасырдың басында Ертіс өңірінде болған «Яшел байрақ» атты діни-ағарту қозғалысы туралы құжаттар бар. Яғни, қазақ тіліне аударғанда «Жасыл байрақ» атты татар ұйымы жұмыс істеген. Көпестер сол заманда өңірде сауда қарым-қатынастардың ғана емес, облыстық рухани өмірінің дамуына да сүбелі үлес қосқаны белгілі. Саудагерлер Павлодарда «Ақ мешітті» салып, діни мекеменің жанындағы әйелдер және ерлер мектебін ашқан. Ал 1917 жылы танымал көпес Батрутдин Тұмашевтың жетекшілігімен облыс орталығында белсенділер ұйымын құрған. Олардың мұрындық болуымен кешкі мектептер, тегін кітапха ашылды. Кітап қоры екі мыңнан асты, - дейді Надежда Кубик.

Кейін татар белсенділерінің қызметі контреволиюциялық сипатқа ие деп танылып, ату жазасына кесілген.

Мұрағаттарда «Алаш» партиясы уезді басқармасының қызметі туралы құжаттар да табылды. Сонымен қатар, ағартушы, ойшыл, ақын, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірбаянына қатысты бағалы мәліметтер анықталды, - дейді Надежда Кубик.

Өзгелердің жаңалығы