Саяси ойын емес. Әшімбаев елорданың атауына қатысты пікір білдірді

8 Қыркүйек 2022, 12:06
11038
Бөлісу:
Саяси ойын емес. Әшімбаев елорданың атауына қатысты пікір білдірді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында елорданың атауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Біз халықтың пікірін ескеруіміз керек. Халық пен қала тұрғындарының  пікірі – ең негізгі фактор. Азаматтардың не айтып жатқанын ескеріп, Мәжіліс депутаттары осынай бастама көтеріп жатыр. Ол жердегі ең басты мәселе – халық үні. Халық қолдаса, шешім шығаруымыз керек. Бұл жерде саяси ойын жоқ. Басты мәселе – халықтың пікірін ескеру, - деді ол. 

Әшімбаев атағандай, қаланың атауын бастапқыда ауыстырылуына қатысты пікір білдірді. 

Қазір Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы бойынша «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сүйеніп, біз тек халық пікіріне құлақ асамыз. Елорданың атауына қатысты мәселе әлі шешілген жоқ. Ол талқыланып жатыр, - деді Мәулен Әшімбаев.

Экс-депутат Бекболат Тілеухан бұл шешімге қатысты  таза сатқындық екенін айтқан. 

Әшімбаев оның сөзіне қатысты да пікірін айтты. 

Бізде әрбір азамат өзінің пікірін айтуға құқылы. Сөз бостандығы бар. Адам өз пікірін ашық айтады, - деді ол.  

 

Өзгелердің жаңалығы