Ol - jas подкастының бүгінгі қонағы - Халықаралық сарапшы Риззат Елубаев. Саясаткер елдің ішкі саясатындағы бірқатар мәселе мен әлемдегі ахуал туралы сөз қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі әңгімемізде «Жастар неге саяси сауатты болуы керек?», «Сағызша созылған АЭС-тің жыры. Оның салсақ ұтамыз ба, ұтыламыз ба?», «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су туралы келісім өзгере ме?», «Самитте АҚШ президенті Орталық Азия елдерінің басшысына қандай ұсыныстар айтады?» және «Жылда қозғалатын хиджаб мәселесінің шешімі қандай?» осы және өзге де талқыға салынды.
Бұған дейін біз Ol - jas подкастында диетолог Арай Әміре мен эндокринолог Махаббат Ибрагим қонақ болды. Мамандар «тәтті есірткінің» қаупі туралы айтып, арықтаймын деген адамға бірнеше қағида ұсынды.
Сондай-ақ заң мәселесі жөнінде, оның ішінде қазақша жазылған заңдардың қатесі туралы спикер Сағидолла Баймұратпен сұхбаттасқан едік.
Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.