Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 тамызда Беларусь мемлекетінде өткен президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Лукашенконы алғаш болып құттықтағандардың қатарында Қазақстанда бар.
Беларусьтағы сайлау әділ өтпеді, халқы күнде митинг шығып жатқанда неге Лукашенконы құттықтады деген сынға қатысты саясаттанушы Оразғали Селтеев өз пікірін білдірген.
Неліктен Тоқаев Лукашенконы құттықтады? Маған жазылған адамдардан осындай сұрақ көп. Біздің мемлекеттік аппарат пен халықаралық қатынастар жүйесінің Қазақстан шеңберінде қалай жұмыс жасайтындығын жақсы білемін. Сондықтан мен саяси прагматизм мен реализмнің жақтаушысы бола отырып, мен осы ұстанымдардан нақты аспектілерді бөлемін, - дейді саясаттанушы Telegram каналында.Оның айтуынша, президентті сайлаудағы жеңісімен құттықтау - бұл жалпы дипломатиялық атрибут.
Бұл әсіресе екіжақты жақсы қарым-қатынас орнатылған мемлекеттер арасында орын алады. Бұл жерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кімді құттықтайтынына байланысты ешқандай айырмашылық жоқ. Мәселен, Лукашенко немесе Зеленский де болса да. 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы болған кезінде барқыт төңкерісі нәтижесінде билікке келген Армения премьер-министрі Никола Пашинянды құттықтағаны бар,- дейді Оразғали Селтеев.Екіншіден, мұндай сыпайылық посткеңестік кеңістіктегі саяси элиталар арасында 30 жыл бойы дәстүрге айналған деп отыр.
Сонымен қатар, ЕАЭО, ҰҚШҰ және ТМД шеңберіндегі серіктестік факторы да маңызды рөл атқарады. Бұл ұйымдардың мүшелері бір-бірін басқа мемлекеттердің алдында ең жоғары лауазымға қайта сайлануларымен құттықтауға тырысады. Мәселен, Лукашенконы Путин, Мирзиёев және тіпті сол Пашинян құттықтады. Үшіншіден, жоғары лауазымды тұлғалардың сайлаудағы жеңісіне арналған құттықтау жеделхаттарын жіберу процесі - стандартты алгоритм. Мұндай мәтіндерді президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімі бірнеше шаблон бойынша алдын-ала дайындайды. Жібермес бұрын осы шаблонға тек нәтиже шыққан соң аты-жөні ғана енгізіледі. Егер сайлауда Тихановская да жеңгенде соның атын жаза салар еді. Сол себепті президент әкімшілігінің қызметкерлеріне басқа әдіс табу керек еді. Сондықтан Тоқаевтың осы құрылымдық бөлімге қатысты шағымы болды. Жағдайға қарай талдау мен болжам жасайтындардың біліктілігін арттыру керек.Президент әкімшілігі саяси сараптаманы ұсынудың балама көздерін кеңейтуі қажет. Жалпы, бұл нақты саяси процестер, - дейді саясаттанушы.
Оның айтуынша, мұндай кезекті құттықтаулар дипломатиялық акт ретінде Беларуссия билігі тарапынан жасалған барлық заңсыз әрекеттерді қолдауды білдірмейді.