Сарапшы: Ел болашағы 10 қаңтарда шешіледі

11 Желтоқсан 2020, 23:17
1290
Бөлісу:
Сарапшы: Ел болашағы 10 қаңтарда шешіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Самат Нұртаза қоғам да, мемлекет те, азаматтар да сайлауға дайын екенін айтты.

Бес партия - бес тағдыр. Қызық болайын деп жатыр. 10 желтоқсанда сағат 18:01 үгіт-насихат басталды. Аттың басын жіберді. Ал партия арасындағы жағдай теке-тірестің біраз жерге баратынын аңғартады. Нәтижесінде 832 партия тізімдері айқындалды. Оның ішінде: Ауыл партиясы -158, Nur Otan партиясы - 216, Adal партиясы - 215,  Ақ жол - 174, Халық партиясы - 69. Ресми ақпарат бойынша, 68 адамның құжаттарын қабылдамаған. Оның ішінде Nur Otan - 20, «Ауыл» - 6, «Ақ жол» -20,  «ADAL» -5, «Халық» - 17. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, қоғам да, мемлекет те, азаматтар да сайлауға дайын. Ел болашағы 10 қаңтарда шешіледі. Мемлекеттің бағыты айқындалады. Қоғамның ой-өрісі ағатын арна белгілі болады. Барлық партияға сәттілік, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Мәслихат депуттатығына сайлау туралы пікірімен саясаткер Марат Шибұтов та бөлісті. Ол Мәжіліске түсетін партиялардан кейін мәслихатқа түсетін партиялар тізімінің де кезегі келгенін айтты. Ол Facebook-тегі парақшасында мәслихат сайлауындағы қазіргі жағдайды нақтылап берді.

Мәжіліске түсетін партиялардан кейін мәслихатқа түсетін партиялар тізімінің де кезегі келді. Бұл өте маңызды міндет. Себебі, біріншіден, бұл жерде әкімшілік-аумақтық бірлік саласында әйгілі және беделді адамдардың көп болғаны қажет. Екіншіден, бұл адамдардың барлығы заң талаптарына бағынуы тиіс. Үшіншіден, қай өңірге бару/бармау қажеттігін барынша анықтап алу керек. Бұл ресурстарды айтарлықтай үнемдеуге көмектеседі, - деп жазды ол.

Саясаткер мәслихаттың көрінісі мынадай екенін атап өтті:

17 облыс мәслихаттары, елорда және республикалық маңызы бар қалалар;

36 облыстық маңызы бар мәслихаттар;

163 аудандық мәслихаттар.

Ол жалпы партиялар 216 тізім ұсына алғанын да айтты. Алайда әр партияныкі әр түрлі болып шықты:

Nur Otan - 216 тізім

Adal - 215 тізім

Ақ жол - 174 тізім

Ауыл - 158 тізім

Халық партиясы - 69 тізім.

Бұл жерде стратегиялардың алшақтығы байқалады. Мәселен Қазақстанның Халық партиясы біршама облыста, атап айтқанда БҚО, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында тізімін ұсынбаған. Бәлкім, жақсы нәтиже алмаймыз деп ойлаған болуы мүмкін. Әлбетте Nur Otan өз филиалдары мен айтарлықтай ресурстарының арқасында кез келген жерде бәсекелесе алады және тізіммен проблемасы болмайды, - деп түйіндеді ол.

Ал қалған партиялар барынша көбірек өңірді қамтымақ болды. Жалпы партия тізіміне 8334 үміткер, оның ішінде 3721 - әйелдер және жасы 29-ға толмаған жастар. 

Шибұтов ең маңызды мәслихаттарды алып қарастырып, келесі қорытындыға келді:

Nur Otan - 17 өңірде 1031 үміткер (орта есеппен 61)

Ақ жол - 17 өңірде 151 үміткер (орта есеппен 9)

Ауыл - 17 өңірде 98 үміткер (орта есеппен 6)

Adal 17 өңірде 72 үміткер (орта есеппен 4)

Халық партиясы - 7 өңірде 40 үміткер (орта есеппен 6).

Өзгелердің жаңалығы