Сауытбек Абдрахманов Мәжіліске кандидат ретінде тағы да ұсынылды

24 Желтоқсан 2020, 11:42
1815
Бөлісу:
Сауытбек Абдрахманов Мәжіліске кандидат ретінде тағы да ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы ҚХА кеңесі ұсынған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді тіркеу мәселесін қарады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімімен Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды. Олар: Сауытбек Абдрахманов, Аветик Әмірханян, Ілияс Буларов, Наталья Деменьтеве, Юрий Ли, Вакиль Нәбие, Шамиль Осин, Владимир Токтасунов, Абульфаз Хамедов. Ер адамдардан 8, әйелдерден 1 үміткер. Барлық 9 үміткердің жоғары білімі бар, - деді ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев.

Өзгелердің жаңалығы