Сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды

15 Шілде 2024, 18:45
417
Бөлісу:
Сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды
Фото: АШМ

Маңғыстау облысында сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 457 га жер учаскесі Жер Кодексінің 43-бабының нормаларын бұза отырып, жеке меншікке берілгенін анықтады. Маңғыстау облысы Қарақия ауданының "Коса Ада" аумағында орналасқан учаскенің кадастрлық құны 3,1 млрд теңге.

Атап айтқанда, жер учаскесі жер комиссиясының қарауынсыз және жерге орналастыру жобасын жасамай ресімделгені анықталды.

Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшесінің өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.
Сот шешімімен талаптар толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы