Сауранда 6 ауыл табиғи газбен қамтылмақ

8 Ақпан 2022, 22:05
1467
Бөлісу:
Сауранда 6 ауыл табиғи газбен қамтылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауран ауданында халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Аудандағы Үшқайық және Ескі Қайық ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. 

Сонымен қатар Қарашық, Жүйнек, Оранғай ауылдарына табиғи газды жеткізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталмақ.

 Ал, қалған 6 ауылды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Атап айтқанда, Бабайқорған, Майдамтал, Жібек жолы, Оранғай, Иассы, Ескі Иқан ауылдарында алдағы жылдары газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы