Сауран көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

23 Тамыз 2022, 16:14
794
Бөлісу:
Сауран көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Сауран көшесінің екі учаскесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 23-25 тамыз аралығында Сауран көшесін Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде және Алматы көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде толығымен жабу жоспарланып отыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы