Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар вакцина алады

18 Наурыз 2021, 07:49
1485
Бөлісу:
Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар вакцина алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарға екпе егуді жоспарлап отыр. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп жазды aikyn.kz.

Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады, – деді Ерлан Қиясов.

Оның айтуынша, егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген екен.

Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады, – деді бас санитар.

Өзгелердің жаңалығы