Сәуірде вирус жұқтыру жағдайы тәулігіне 1700-ге жетуі мүмкін – ДСМ

16 Наурыз 2021, 11:14
1279
Бөлісу:
Сәуірде вирус жұқтыру жағдайы тәулігіне 1700-ге жетуі мүмкін – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.

Елімізде 1 ақпаннан коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Вакцинация жүргізу үшін бүгінде 348 екпе пункті жұмылдырылған. Бүгінге дейін 76 188 адамға екпе салынды (І компонент бойынша), ІІ компонент бойынша 19 086 адам екпе алды. Наурыз айының соңына дейін қосымша 180 мың вакцина дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Сәуір айында қоғамның әлсіз топтарына (65 жастан жоғары адамдар, тұқым қуалайтын дерті бар науқастар және т.б.) вакцина салына бастайды, - деді ол.

Министр баяндамасы соңында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейінгі эпидемиологиялық жағдайға қатысты ықтимал болжамдарға тоқталды.

Сәуір айында тәулігіне 500 жағдайға дейін тіркеледі деп күтудеміз. Ал пессимистік тұрғыдан алғанда, вирус жұқтыру жағдайы тәулігіне 1700-ге дейін жетуі мүмкін. Вакцинациядан болатын тиімділік бірінші кезеңде уақытқа тәуелді болады, себебі иммунитет қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт өтуі керек. Осыдан кейін ғана вакцинация нәтижесі көріне бастайды және елдегі эпидемиологиялық жағдайға оң әсер ететін болады, - деді ол.

Ол бұған дейін елдегі тұмау жұқтыру көрсеткішінің былтырғыдан 2,2 есеге төмендегенін мәлімдеген болатын. Министр сонымен қатар, еліміз соңғы үш күн бойы «сары» аймақта тұрғанын  және оқушылардың вирус жұқтыру жағдайына да тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы