Сауда және интеграция министрі сайлау учаскесінде дауыс берді

 Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі 29 Қараша 2026, 13:44
29 Қараша 2026, 13:44
183
Фото: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты.

Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда сайлау аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Депутаттардың жартысы партиялық тізіммен, қалған бөлігі бірмандатты округтерден сайланады. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда сайлаушылар өз округтеріндегі кандидаттарға тікелей дауыс береді.

Дауыс беру учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, Қазақстандағы сайлауға қатысу көрсеткіші сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 12,31%-ға жеткен болатын.

Наверх