Ресейден елімізге келетін құрылыс-жабықтарының бағасы қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көптеген кәсіпкерлер Ресейден тауар әкелудің қымбаттағанын және сауда жолының кедергіге тап болатынын айтады? Елімізде де көрші елден келетін өнім бағасы айтарлықтай өсуде?Мұның себебін айта аласыз ба? – деп сұрақ қойды министерге журналистер.
Сауда министірі Серік Жұманғариннің пікірінше, бағаның құбылуы рубльдің курсына байланысты.
Бұл ең алдымен рубль бағамына байланысты. Басқа ешқандай кедергілер жоқ деуге болады. Шекара шебінде ешқандай мәселе жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде еркін сауда байланысы бар екенін білесіздер. Ресейден келетін тауардың қандай да кедергіге ұшырап жатқаны туралы да естімедім, – Сауда және интеграция министрі.