Сауатты әйел ешкімнен таяқ жемейді. Сыр елінің іскер әйелдері талқылаған мәселе

13 Қазан 2020, 17:46
2734
Бөлісу:
Сауатты әйел ешкімнен таяқ жемейді. Сыр елінің іскер әйелдері талқылаған мәселе
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы ауыл әйелдерінің форумы барысында Сырдың іскер әйелдері жетістіктерінің тарихымен бөлісті. Онлайн шарада ауылдарда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен ауыл әйелдерінің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыруға қосатын үлесі айтылды. 

Сауатты әйел ешкімнен таяқ жемейді. Сыр елінің іскер әйелдері талқылаған мәселе

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Ауыл әйелдерінің форумы ауылдың белсенді әйелдерін жинап, маңызды мәселелерді талқылайтын алаңға айналып келе жатқанын айтты. 

Көпбалалы әйелдер митингке шығып жатады, «таяқ жедік» деген әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шығып жатыр. Бұл жағдайда ауылдағы әйелдердің әлеуетін арттырып, сауатын ашу керек. Сол арқылы өзіне деген күшіне сенімді ету керек. Білімді әйел ғана білімді баланы тәрбиелей алады. Сауатты әйел ешкімнің қолына қарамайды. Ешкімнен тиын сұрамайды. Сауатты әйел ешкімнен таяқ та жемейді. Өзінің өміріндегі проблемаларын қазақи ақылмен болса да, қулығымен болсын, кейде кішіруімен болсын шешеді. Қазір елімізді дамытудың үлкен құралы - ауылды дамыту, - деді ол. 
Сауатты әйел ешкімнен таяқ жемейді. Сыр елінің іскер әйелдері талқылаған мәселе

Сүлеймен айтқандай, республика бойынша шаруа қожалықтарын құрып жатқан әйелдер өте көп. 

Мысалы, елімізде 220 мың шаруа қожалығы болса, оның ішіндегі 50 мыңын, яғни 25 пайызын әйелдер басқарып отыр. Әйелдер толығымен ауыл шаруашылығы саласын еңсеріп жатыр. Бұл сан әлі де өсе алады. Қазір ауыл әйелдеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар да басым. Қазір ешкім бір тиын беретін заман емес. Өзің көріп, біліп, дәріске қатысып, «қайсысы арқылы ала аламын» деп ұмтылу керек, - деді ол. 

«Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов ауылда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. 

Мәселен, «Ауыл өнімі» жобасы аясында жасалатын іс-шаралар ауылдықтарға кәсіп болады және таза экологиялық өніммен қамтамасыз етіледі. Ол арқылы отбасылар да бір-бірінен үлгі алуы мүмкін. «Ауыл өнімі» жобасының барлық өңірде үйлестіру қызметі бар. Республикалық форум 13 қарашада өтеді. Онда Қазақстанның іскер әйелдерінің 100 оқиғасы жарыққа шығады. Осыған дейін алғашқы кітап шығарылған болатын. Осы форумдар аясында биыл да кітап материалы жинақталып, шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді ол. 
Сауатты әйел ешкімнен таяқ жемейді. Сыр елінің іскер әйелдері талқылаған мәселе
Сырдың іскер әйелдері

 Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлстан Нұржакиева еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде әйел-қыздардың рөлі әрдайым биік тұрғанын айтады. 

Бүгінгі мезгіл мінберінде – кітапханашы кәсібімен ауыл мәдениетінде өз қолтаңбасын жасаған, аудан көлеміндегі кітапхананың келелі мәселелерінде сәтімен шешімін тауып жүрген, кітапхана ісін дамыту, кітапханашылардың мәртебесін көтеру, кітапхананың ел мүддесі үшін қажеттілігін арттыру мақсатында еңбек етіп «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің өзіндік ізі бар. 1982 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтының «кітапханашы-библиограф» мамандығын бітіріп келіп, еңбек жолымды аудандық орталық кітапхананың әдіскері қызметінен бастадым. Осы жылдары жұмыс істеген кезеңдер ішінде маман кітапханашы ретінде теориялық даярлығымды күнделікті жұмыс тәжірибесімен ұштастырып, ізденіс арқылы өз мамандығымнын қыр-сырын меңгере білдім, - деп бөлісті ол.  

Оның айтуынша, 1994 жылдан бастап Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып, аудан бойынша жүйедегі кітапхана жұмысына басшылық жасап келеді. 

Тәжірибелі маман ретінде кітапхана жұмысына оң өзгерістер енгізуде барынша күш-жігерімді жұмсадым. Осы бағытта аудан кітапханаларының материалды-техникалық базасын жақсартып, кітапханалар жұмысын озат тәжірибеге айналдыруға өз үлесімді қосып келемін. Аудан халқына рухани азық беретін кітапханалар жүйесі игі істердің ұйытқысы болып, халыққа мәдени қызмет көрсетуде жоғарғы көрсеткішке жеткені үшін 1997 жылдың қорытындысы бойынша «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі жыл жеңімпазы болып танылып, облыстық мәдениет басқармасының «Құрмет дипломымен» марапатталды.1998 жылдың қазан айында облыстық «Кітап - сарқылмас білім бұлағы» атты кітап қорын толықтыру акциясы өткізіліп, клуб, мәдениет үйлері көлеңкесінде елеусіз қалып бара жатырған рухани ошақ – кітапханаларға серпіліс жасалды, - дейді ол.     
Сауатты әйел ешкімнен таяқ жемейді. Сыр елінің іскер әйелдері талқылаған мәселе

Нұржакиеваның айтуынша, жыл сайын кітап қоры мемлекеттің баспаларынан жарық көрген жаңа әдебиеттермен толықтырылып, оқырманның әдебиетке деген сұраныстарына толығымен жауап береді. 

Сырдария аудандық орталық кітапханасының кітап қорын цифрлы түрге көшіруде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруде, оқырмандардың электронды құжаттарды еркін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жиі сұраныстағы кітаптар мен басылымдар, сирек кітаптар мен қолжазбалар сирек кездесетін, аса құнды және көне басылымдар, музыкалық шығармалар мен ноталар және Қазақстан: өткені мен бүгіні жайлы жазылған дерек қорындағы мақалалар және өңірлік газеттерді цифрлы форматқа көшірілуіне атсалысудамыз. Қазіргі таңда барлығы еңгізілген - 2427дана кітап, 542130 бет сандық форматқа көшірілді, - дейді ол. 

Ал аудандық мәслихат депутаты, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева басшылық қызметтің негізі ұйымдастырушылық қабілетте екенін айтады. 

Мектеп басшылығында болғанымда адамдармен көп араласуыма тура келді. Ұстаз болғандықтан халықпен тіл табысу керек. Отбасымнан, өмірден, қоғамдық ортадан алған тәрбиеміз бар, оның барлығы саған қажет кезде көмекке келіп отырады. Білім саласы қоғаммен, мемлекет саясатымен тығыз байланысты. Ал Nur Otan партиясы бір саламен шектеліп қана қоймайтын, үлкен де ауқымды жұмыс, мән-мағынасы жағынан терең де салмақты. Мемлекеттің, кез келген сатыдағы басшылардың саясатымен біте қайнасып жатады. Партия халық пен биліктің арасындағы алтын көпір іспетті. Кез келген адам өз мәселесімен еркін кіре алады.Мәселе түйінін тарқатуда оның тетіктерін шешетін мемлекеттік құзырлы органдарға жолдап, заңдылығымен шешілуіне ықпал етесің, - дейді ол.

Раева айтқандай, аудандық әйелдер кеңесінің жұмысы өте жауапты жұмыстардың бірі. 

Өзім әйел, ана болғандықтан қоғамдағы нәзік жандылардың қоғамнан лайықты бағасын алуға, ауданымыздағы батыр аналарға, кәсіпкер қыз-келіншектерге қолдау көрсетуге жұмыс істеп келемін. Үлкен жүрегіңде тұратын нәрсе: сіздің алдыңызға келген адам, ол сіз сияқты адам. Айналаңдағы адамды танып қана қоймай, бағалау да керек. Басшы болғасын адамдармен қарым-қатынасың, сөйлеген сөзің, киім киісің, жүріс тұрысыңа да мән бересің. Өйткені жан-жағың сенен өнеге алады. Үнемі сергек жүру керек. Сол табыс кілті деп ойлаймын. Әйел бақыты – өмірге ұрпақ әкелу, өсіріп жеткізу деп есептеймін. Отбасы – екінші Отаның. Үйде болған сәтім - ең бақытты кезім. Отбасында әйел, ана, әже ретінде балаларым мен немерелерімді сүю бір керемет сезім. Елдік мүдде жолында алға қойған міндеттерді орындауға өз үлесімізді қосатын болсақ, біздің үмітіміз ақталатын болады, - дейді ол. 
Сауатты әйел ешкімнен таяқ жемейді. Сыр елінің іскер әйелдері талқылаған мәселе

Айта кетейік, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» 2018 жылы елордада «Қазақстан әйелдерінің ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі» атты ауыл әйелдерінің алғашқы форумын ұйымдастырды. Былтыр форумға Қызылорда облысынан 150-ден астам әйел қатысты. Биыл форум пандемия салдарынан онлайн форматта өтті.

Өзгелердің жаңалығы