Сауалнама: Сіз бақытты отбасын құрып, балаларға жақсы тәрбие бере алдыңыз ба?

1 Маусым 2021, 20:01
16727
Бөлісу:
Сауалнама: Сіз бақытты отбасын құрып, балаларға жақсы тәрбие бере алдыңыз ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні және Дүниежүзілік ата-аналар күні. Осыған орай, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың отбасы және балалар тақырыбына қатысты жүргізген сауалнамасының қорытындысын ұсынады. 

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл - ең көне халықаралық мерекелердің бірі, ол 1950 жылдан бері бүкіл әлемде аталып келеді. Ал тоғыз жыл бұрын, яңни 2012 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Дүниежүзілік ата-аналар күнін белгілеу туралы шешім қабылданды. 

Мерекенің мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының, ата-ананың рөлін еске салу. Бәлкім, бұл күні бүкіл әлем жұртшылығы балаларға да, ата-аналарға да мұқият назар аударатыны заңды шығар. Өйткені ата-аналар мен балалар - біртұтас, ал бала тек ата-анасымен ғана бақытты бола алады. 

Сауалнама: Сіз бақытты отбасын құрып, балаларға жақсы тәрбие бере алдыңыз ба?

18 және одан жоғары жастағы қазақстандықтардың әлеуметтанушылық сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес қатысушылардың 82,3%-ы отбасылы адам, яғни олар жұбайымен бірге тұрады немесе бұрын тұрған. Тиісінше, үйленбеген және бойдақ респонденттердің үлесі 17,7%-ды құрады. Елімізде сауалнамаға қатысқандардың 76,6%-ы ата-аналар, бұл ретте 58,7%-ында кәмелетке толмаған балалары бар, ал респонденттердің 17,9%-ында балалары кәмелетке толған. Көбінесе отбасында 2 кәмелетке толмаған бала барлар басым (36,9%). Шамамен әрбір төртінші отбасында 16 жасқа дейінгі бір бала немесе осындай үш бала бар. Респонденттердің 12,8%-ында 4 және одан да көп баласы бар, яғни көп балалы отбасылар.

Сауалнама: Сіз бақытты отбасын құрып, балаларға жақсы тәрбие бере алдыңыз ба?

Әлеуметтанушылық сауалнама барысында қазақстандықтарға «Сіз бақытты отбасын құрып, балаларға жақсы тәрбие бере алдыңыз ба?» деген сұрақ қойылды. Респонденттердің басым көпшілігі бұл сұраққа оң жауап берді. Қатысушылардың 91,8%-ы бақытты отбасы туралы оң көзқарас танытты. Сонымен қатар олардың 67,7%-ы бақытты отбасын құрып үлгерді және респонденттердің 24,1%-ы бақытты отбасы құра алатынына сенімді. 

Сауалнамаға қатысқандардың 92,7%-ы жақсы балаларды тәрбиелеуге оң көзқараспен қарайды. Респонденттердің 61,0%-ның пікірінше, олар жақсы балаларды тәрбиелей алды. Тағы 31,7% өз балаларын жақсы тәрбиелей алатынына сенімді.

Өзгелердің жаңалығы