Сатыбалды Бұршақов ЕҚЫҰ вице-президентімен кездесті

13 Наурыз 2023, 10:38
644
Бөлісу:
Сатыбалды Бұршақов ЕҚЫҰ вице-президентімен кездесті
Фото: dknews.kz

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ЕҚЫҰ) Вице-президенті Ирине Хараламбес Қазақстанның Кипрдегі елшісі Сатыбалды Бұршақовпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ЕҚЫҰ) Вице-президенті Ирине Хараламбес Қазақстанның Кипрдегі елшісі Сатыбалды Бұршақовпен ЕҚЫҰ байқауының арнайы үйлестірушісі және басшысы  ретінде Қазақстанда 2023 жылдың 19 наурызында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлау миссиясы аясында кездесті. 

Кездесуде Ирине Хараламбес ЕҚЫҰ ПА мүшелерінің  елімізде өтетін сайлауға жоғары қызығушылық танытып, байқаушы ретінде қатысатынын да атап өтті. 

Сатыбалды Бұршақов 2022 жылдың қаңтарында болған қайғылы оқиғалар аясында Қазақстан Президенті елдегі сайлау үдерісіне қатысты ілгерілетіп отырған маңызды реформаларды айтты. 

Атап айтқанда, әйелдер өкілдігін арттыру, сайлау шараларын қысқарту және жаңа партияларды құру шарттарын қысқартуға бағытталған реформаларды атап өтті. Сондай-ақ, ол осы сайлау науқанында басым болған мәселелерге де тоқталды.

Ирине Хараламбес кездесу барысында Сатыбалды  Бұршақов мырзаға ақпарат үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ,  ЕҚЫҰ әрқашан ұйымға мүше мемлекеттердің демократиялық міндеттемелерінің  орындалуын зерттеп, бейтарап үлес қосуға дайын екенін жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы