«Сатқындар, опасыздар!». Ертісбаев кімге өкпелі?

1 Ақпан 2023, 16:52
1317
Бөлісу:
«Сатқындар, опасыздар!». Ертісбаев кімге өкпелі?
Фото: Артём Чурсинов

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев партияда сатқындар барын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кезектен тыс сайлауға қатысатын Мәжіліске кандидаттарының құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізуге келген партия басшысы өздеріне шабуылдар да жасалатынын жоққа шығармады. 

Менің жеке басым мен партиямыздың жауы көп. Үнемі партияға шабуыл жасалады. Сатқындар бар, опасыз деген сөз де бар. Олар біздің партиядан шығып, басқа партияға барып, Парламентке өткісі келеді. Бұл деген масқара ғой. Біздің партияға шабуылдар жасалып жатыр. Мен қазір сайлау алдындағы риторикаға түсіп кетсем, партиямызды сайлаудан алып тастауы мүмкін. Қадірлі журналистер, түсінулеріңізді сұраймын, - деп түсіндірді Орталық сайлау комиссиясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Ермұхамет Ертісбаев. 

Айтуынша, партия қатарынан шығып кеткендерге тоқталды. 

Аттарын да атағым келмей тұр. Өздеріңіз білетін экс-депутат Сқақова (Айжан – ред.) «Байтақ» партиясына мүше болыпты. Менің ойымша, олар – сатқындар. Бұл жағымсыз әсер етер ететін жайт. Партияны неге айналдырып жібереміз? Әйтеуір Парламентке өту үшін бір партиядан екіншісіне өту деген не?! Обал! Ұят! Олай жасауға болмайды, - деді партия төрағасы. 

Сонымен қатар Ертісбаев өзінің бұрынғы «Нұр Отан» партиясынан шығуына қатысты былай деп жауап берді. 

Мен партиядан («Нұр Отаннан» - ред.) былтыр қаңтарда шығып кеткенмін. Ол мүлдем басқа жағдай! Мен съезде фракциямыз аз болса, 10-15, тіпті 20 болса, Мәжіліске бармаймын, орнымды беремін деп айтқанмын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы