«Сәтқалиевтен қарағанда жақсы». Жаңа министр қазақ тілін үйреніп жүр

19 Қыркүйек 2023, 12:46
1104
Бөлісу:
«Сәтқалиевтен қарағанда жақсы». Жаңа министр қазақ тілін үйреніп жүр
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін аптасына 5 рет оқып жүргенін айтты,деп хабарлдады BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен брифинг барысында БАҚ өкілі министрден «Сіздің қазақшаңыз Алмасадам Сәтқалиев мырзаға қарағанда тәуір екен. Қазақша жақсы меңгеріп алсаңыз деп кеңес бергім келеді» деп ұсыныс айтты.

Қазіргі таңда қазақ тілін үйреніп жүрмін. Аптасына 5 рет мұғалімнен сабақ аламын. Мен ешқандай бөтен, өзге адам емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын. Екіншіден, мен «Бәйтерек» холдингіне келгенде бір адамды өзгертпедім. Қандай әріптестерім болды бәрі де «Бәйтеректе» өзгеріссіз қалды. Министрлікте де осылай болады. Мен вице-министрлерді өзгертпеймін. Олар жұмысты біледі, сол адамдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Баспасөз хатшысы жаңадан келді. Себебі ИИДМ министрлігі екіге бөлінді, сол кезде бірқатар адам басқа министрлікке кетті. Вакансия ашық болды. Сол себепті баспасөз хатшы шақырылды, - деді Қанат Шарлапаев.

Еске сала кетсек, Қанат Шарлапаев Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген.

Өзгелердің жаңалығы