Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында түнде ер адамды өлтіріп кетті.
Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
20 тамыз сағат 01.00 шамасында белгісіз адам 41 жастағы Сәтбаев тұрғынын атып кеткен, - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Қылмыстың түрлі нұсқалары қарастырылуда.