Сәтпаев шыңынан төмен түсе алмай қалған екі турист құтқарылды

Оларға медициналық көмек қажет болмады.

 ТЖМ баспасөз қызметі Кеше 2026, 23:27
Кеше 2026, 23:27
163
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы тауларындағы Сәтпаев шыңында екі туристі құтқару операциясы жүргізілді. 4300 метр биіктікте олардың бірі биіктік ауруына шалдығып, өздігінен төмен түсе алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің іздестіру-құтқару жасағы жедел жетті. Туристермен байланыс орнатылып, олардың геолокациялық координаттары анықталды.

Бірнеше сағаттан кейін құтқарушылар визуалды байланысқа шығып, екі жігітті таудан сәтті түсірді. Медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туындамаған.

Наверх