Сәтпаев каналына 100 мың тұқы шабақтары жіберілді

ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті Қаныш Сәтпаев атындағы каналға 100 мың дана біржазғы тұқы балығының шабақтары жіберілгенін мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

 ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті 13 Қыркүйек 2023 2023, 14:17
13 Қыркүйек 2023 2023, 14:17
1497
Фото: ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті

ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті Қаныш Сәтпаев атындағы каналға 100 мың дана біржазғы тұқы балығының шабақтары жіберілгенін мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

2023 жылғы 12 қыркүйекте «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС бәсекелестік ортада балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қаныш Сәтпаев атындағы каналға 100 мың дана біржазғы тұқы балығының шабақтарын жіберді. 13 қыркүйекте аталған су айдынына осындай көлемде біржазғы шабақтар жіберіледі деп жоспарлануда, - делінген комитет хабарламасында.

Жалпы, биылғы жылдың қазан айының соңына дейін Кіші Арал теңізін, Сырдария мен Есіл өзендерін, Балқаш және Зайсан көлдерін, сондай-ақ Қапшағай, Бұқтырма және Шардара су қоймаларын 20 млн.дана көлемде құнды балық түрлерінің шабақтарымен балықтандыру көзделген.

Наверх