Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды

14 Ақпан 2024, 11:53
4512
Бөлісу:
Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды
Фото: Сәтбаев қаласының әкімдігі

Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі және басшысы қызметін атқарған.

Ол 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылы қаңтар айында Сәтбаев қаласының әкімі тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы