Сарытүбектен Стамбұлға дейін

26 Тамыз 2022, 18:09
1067
Бөлісу:
Сарытүбектен Стамбұлға дейін
Фото: автордан

Журналист, аудармашы, велосаяхатшы Ернат Мелсұлы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай халықаралық велошеруге аттанады, BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол  Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына жәнеКонституциясы күніне орай өткен "Атадан ұлағат - ұрпаққа аманат"  конференциясында айтты.

Ол Ахмет Байтұрсынұлының туған өлкесі Ақкөлден Әзербайжан, Грузия арқылы Стамбұлға жетпек.

Ұлт ұстазының 150 жылдығы болғандықтан оның қатып қалған қағидалары бар.  Біріншіден, велошеруді Ахмет атамыздың туған күнінде бастаймыз. Яғни, 4-5 қыркүйекте. Екіншіден, бабамыздың кіндік қаны тамған Ақкөл, Сарытүбек деген ауылдардан бастаймын. Торғай өңірлерінде жол құрылысы әлі жөнді салынбаған. Біз Ахмет атамызды  қаншама рет ұлықтап жатырмыз. Алайда, туған жеріне халықаралық деңгейден бөлек, республикалық деңгейдің өзінде дұрыс мән берілмей жатыр. Осы мәселелерге назар аударту үшін халықаралық шеруді бастамақпын, - деді велосаяхатшы.

Оның айтуынша, жол қашықтығы 5555 шақырым жолды 55 күнде бағындыруды көздеп отыр.

Жұмыстан 2 айға сұрандым. Олармен келісу, әрине қиын болды. Ең бастысы, үйдегі отбасым қолдады. Қаржылай жағдайыма келер болсам, бұған мен бір жыл бұрын дайындалған едім. Сапарымды Стамбұлда аяқтаймын. Өздеріңіз білетіндей, Стамбұлда Мұстафа Өзтүрік ағамыз жатыр. Биыл көзі тірі болса 68 жасқа келер еді. Ағамыздың зират басында сапарымды тәмамдаймын, - деді Ернат Мелсұлы. 
 

Өзгелердің жаңалығы