«Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы аяқталады

8 Маусым 2023, 14:31
527
Бөлісу:
«Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы аяқталады
Фото: BAQ.KZ - архив

Биыл облыс орталығында ескі екі қабатты үйлердің орнында салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы толық аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Мамандардың хабарлауынша, биыл соңғы бес көпқабатты үй салынады.

Осылайша жаңа мөлтек ауданның аумағында 42 көпқабатты баспана орналасады. Пәтерлер саны – 3500. Биыл өңірде 20 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Яғни, 146 мыңнан текше метр немесе 1200-ге жуық қолданысқа беріледі. Жыл оңына дейін 17 үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар «Достық» шағын ауданының құрылысы жүріп жатыр. Әзірге жеті үй бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары бас жоспар аясында қолға алынған, - дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Азат Сатабаев.

Тұрғын үй нарығындағы сұранысты өтеу мақсатында облыс орталығында «Жастар» және «Затон» шағын аудандарында үй салу жоспарланған. Бұл 900 мың шаршы мтер тұрғын үйді қолданысқа беруді көздейді. Осылайша, үш мың азаматты баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Пәтер кезегі де азаяды.

Биыл республикалық бюджетті нақтылау бойынша жалдамалы пәтерлерді сатып алуға 5 млрд теңге бөлінді. 500-ден астам пәтер әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын тұрғындарға беріледі, - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, облыста соңғы жеті жылда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген.

Өзгелердің жаңалығы