Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе стансасы салынуда

31 Наурыз 2021, 16:57
1282
Бөлісу:
Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе стансасы салынуда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы барлық жылыжайдың 35 пайызы орналасқан Сарығаш ауданы – тәжірибе алмасу алаңына айналады. 

Мұнда жыл 12 ай бойы жылыжайдан өнім алудың қыр-сырымен бөлісетін арнайы демостанса салынуда. Қазір екі гектар аумақтағы тәжірибе жасайтын жылыжай кешенінің құрылысы аяқталған. Алдағы уақытта оның көлемі екі есе артпақ.

Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе стансасы салынуда

Мұнда студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу орталығы мен жер, топырақ құрамына талдау жасайтын зертхана салынатын болады. 

Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе стансасы салынуда

Голландия селекциялық компаниясының және «Риик Зван Оңтүстік» ЖШС-нің инвестициясымен жалпы көлемі 4 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай және тәжірибе стансасы ашылады. 

Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе стансасы салынуда

Теңдесі жоқ жобаның негізгі мақсаты – егін шаруашылығы саласында студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу және жаңа технологиялар енгізу. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. 

Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе стансасы салынуда

Nur Otan партиясының жол картасы аясында 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жылыжай және тәжірибе стансасы жыл соңында іске қосылады. Құрылыс барысы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы