11 маусым ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық жасады деп айыпталған ер адам Сарыағаш аудандық ПБ-нің УҰИ-дан қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz хабарлауынша, оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шықты.
Қазір жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Іздеуге Түркістан облысы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Бүгінгі таңда "Ұстап алу" жоспары іске асырылуда. Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығысына бекеттер қойылды. Сонымен қатар ұстау шарасына Түркістан облысымен көршілес Шымкент қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының ПД, көліктегі полицияның бөлімдері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі де жұмылдырылған. Полицейлер ер адамды анықтау мен ұстау мақсатындағы жедел іздеу шараларын жалғастыруда, - делінген хабарламада.